16.02.2021

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде мегаполистің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен жетістіктері, сондай-ақ 2021 жылға арналған даму жоспары туралы айтып береді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуі онлайн форматта 17 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. Онлайн-трансляция әкімдік пен «Алматы» телеарнасының сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсетіледі.

Сауалдарды 1308 бірыңғай желісі арқылы жолдауға болады. Сонымен қатар сұрақтарды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе есеп беру кездесуінің әлеуметтік желілердегі трансляцияның төменгі жағына қалдыруға болады. Сондай-ақ қала тұрғындары Zoom платформасы арқылы тікелей эфирге қосыла алады. Оның мекенжайы эфир кезінде қолжетімді болады.

Бұдан өзге санитарлық нормалар сақталған, арнайы жабдықталған мына мекемелерге келіп, сұрақ қоюға немесе ұсыныс қалдыруға болады:

  • Алатау ауданы – Alatau Creative Hub, Нұркент ықшамауданы, 5;
  • Наурызбай ауданы – Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, Шұғыла ықшамауданы, 347;
  • Әуезов ауданы – Әуезов ауданы әкімінің аппараты, 12-ықшамауданы, 23;
  • Бостандық ауданы – Алматыбасжоспар ғимараты, Абай даңғылы, 90;
  • Жетісу ауданы – Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Серіков көшесі, 2А;
  • Медеу ауданы – Республика сарайы, Достық даңғылы, 56;
  • Алмалы ауданы – «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының ғимараты, Абылай хан даңғылы, 79;
  • Түрксіб ауданы – Әуежай мәдениет үйі;

Бұл мекенжайларда тұрғындардың сұрақтары немесе ұсыныстарын қабылдайтын арнайы жәшіктер орнатылады. Сонымен қатар мәселелерді шұғыл қарап, шешу үшін қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады. Онда әкімдіктердің уәкілетті қызметкерлері тұрғындардың мәселелері бойынша жұмыс істейді.

Трансляция төменде көрсетілген платформаларда өтеді:

  • https://www.facebook.com/sagintayev.b/
  • https://www.facebook.com/almaty.gov.kz/
  • https://www.facebook.com/rsk.almaty02/
  • https://www.facebook.com/OpenAlmaty/
  • https://www.facebook.com/groups/498553934155730/?ref=share
  • https://www.facebook.com/almaty.tv.kaz/
  • https://www.facebook.com/almaty.tv/
  • https://youtube.com/c/AlmatyUS

Шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселе болған жағдайда хат мәтінінде аудан, мекенжай мен байланыс нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі