Алматы дәрігерлері қалалықтардан пиротехникамен экстрим жасамауды сұрайды

30.12.2021

Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-баспасөз конференциясында кез келген отшашу денсаулығынан айрылу қаупін тудыратынын хабарлады. Ең жиі кездесетін салдары – саусақтардың ампутациясына дейін қолдың күйіп қалуы және жарақаттануы, сондай-ақ бет пен көздің жарақаттары.

Дәрігер жарақаттың алдын алу туралы айта отырып, пиротехника қаптамасының тұтастығына назар аударуға шақырды, қорап дымқыл немесе деформацияланбауы керек. Мұндай өнімдерді пайдалану қауіпті.

Андрей Ложкин жаңа жылдық мерекелерде адамдар әрқашан қауіпсіздік ережелерін қадағалай бермейтінін, бұл өте қауіпті екенін атап өтті. Сондықтан пиротехникаға барынша сақ болған жөн.

«Кез-келген жедел қызмет қызметкері пиротехникалық құралдарды қолданудың салдарымен бетпе-бет келеді, менің тәжірибемде 28 жастағы жігіт қолында жарылған пиротехникалық бомбаны көтерген жағдай болды. Бұл екі саусақтың бөлінуіне әкелді», - деді А. Ложкин.

Егер қайғылы жағдай орын алса, күйдіруді каустикалық химияның қалдықтарын сумен жуып тастау керек. Сондай-ақ, көзді мұқият жуу керек, ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақыру немесе зардап шеккен жанды ауруханаға жеткізу керек. Көзге зақым келтірмеу үшін маман пиротехниканы бетке жібермеуге кеңес берді.

«Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша жаңа жыл күндері жарақаттанумен байланысты шақыртулар саны 1-2%-ға артуда, оған қоса-бұл пиротехникамен күйік. Әдетте, жаңа жыл қарсаңында улану болмайды, көбінесе бұл мерекеден кейінгі екінші, үшінші күні болады», - деп толықтырды А. Ложкин.

Төтенше және кез келген шұғыл жағдайлар кезінде «103» нөміріне хабарласу қажет. Әдетте, пиротехниканың жарылуы бірінші және екінші санаттағы қоңыраулар, сондықтан жедел жәрдем 10-15 минут ішінде келеді.

Егер азаматтар медициналық мекемеге өз бетінше баруды шешсе, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалып, диспетчерден ақпарат алу керек.

Андрей Ложкин ата-аналарды балаларға пиротехниканы сатып алуға және өз бетінше пайдалануға рұқсат бермеуге шақырды. Ересектер пиротехникалық «ойыншықтардың» ауырлығы мен ықтимал қауіптілігін түсіндіріп, балаларға нұсқау беруі керек.

Сөзінің соңында спикер бірде-бір пиротехникның толығымен қауіпсіз еместігін еске салды, өйткені онда тұтанғыш заттар бар. Пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерде немесе бөлімдерде сатып алу, мерзімі өткен өнімдерді пайдаланбау, нұсқауларды мұқият оқып шығу маңызды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі