12.05.2023

Алматыда «Алматы БАЛАFEST–2023» ауқымды балалар фестивалінің қалалық кезеңі басталды. Бірінші фестиваль Мемлекет басшысының қатысуымен 2022 жылы Балалар жылы аясында өтті. Фестиваль халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып, балалар мен ата-аналар үшін мерекеге айналады. Іс-шараға білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатысады.

Фестивальдің басты идеясы-балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау үшін қалада жүзеге асырылып жатқан үздік жобалар мен бастамаларды біріктіру.

Фестиваль аясында жалпы 300 мың баланы қамтиды және 3 кезеңде (мектеп, аудандық, қалалық) 7 бағыт бойынша конкурстар өткізіледі:

  • «Жұлдызды сәт»
  • «Бояулар құпиясы»
  • «Өнерлі бала»
  • «Кітап – білім бұлағы»
  • «Жасыл Алматы»
  • «OpenAir Sport»
  • «Хакатон – IT Universe»

Балалар фестивалі аяқталған соң 1 маусымда қалалық байқаулардың 1000-нан астам жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, биылғы халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың 50 алтын медаль иегерлеріне құрмет көрсетіледі. Үздік жетістіктердің арқасында Алматы қаласының құрама командасы 18 жылдан бері «ҚР Үздік олимпиадалық командасы» болып табылады.

Фестиваль бағдарламасы танымдық ойындар, шеберлік сыныптары, көрмелер, театр қойылымдары және т.б. сияқты мәдени-ойын-сауық іс-шараларының кең ауқымын қамтиды. Барлық конкурстар балалардың таланты мен шығармашылығын көрсетуге, олардың жағымды энергиямен қуаттануына қатысты ұйымдастырылады.

Балаларға арналған аумақта фотоаймақ ұйымдастырылады, онда әркім өзін белгілі суретшілермен, спортшылармен, қолөнершілермен, әртістермен және т. б. компанияда  суретке түсіре алады.

Фестиваль қаланың балаларын, ата-аналары мен педагогтарын біріктіреді, әрбір бала үшін нақты мүмкіндіктер кеңістігіне және жаңа таланттарды ашу орнына айналады.

Ұйымдастырушы – Алматы қаласының білім басқармасы.

Ұйымдастыру комитеті бұл фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және салауатты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін маңызды оқиға болатынына сенімді.

Қосымша ақпарат:

Алматы қ., Сейфуллин к-сі, 597, «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы

Тел.: +7 (727) 255-83-05, 87754191880

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі