Almaty Tourism Bureau Mastercard-пен бірлесіп, қалаға келетін саяхатшының жүріп өткен жолын егжей-тегжей талдап, Алматыдағы турист ағынына зерттеу жүргізді. Талдау саяхаттың негізгі кезеңдерін қамтиды – жоспарлау, брондау, орналасу мен демалыс.
Tourism Insights (Mastercard) деректеріне сәйкес, Алматы Орталық Азия бойынша туристік іздеу сұраныстарының 29,7%-ын иеленіп, Қазақстанның басты туристік орталығы болып қала береді, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2 пайыз жоғары. Өсімді әуе рейстерінің көбеюінен байқауға болады: Алматыға рейстер саны дәстүрлі әуе компанияларында (+24,7%) және лоукостерлерде (+44,5%) артты. Қайта келушілердің үлесі 78,6%-ға өсіп, 25%-ға жетті, ал әсіресе ірі шаралардың алдында билеттерді ертерек, 40 күн бұрын іздеу уақыты 24%-ға артты.
Алматыға рейс брондайтын жолаушылар саны 1,5 есе өсе, бұл қолжетімді рейстердің көбеюімен байланысты. Алдыңғы қатардағы 10 елдің ішінде Қытай ерекше көзге түседі – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл елден брондаулар саны 6 есеге артып, 25,2 мың билетке жетті. Ең көп брондау Түркиядан жасалған, бұл Қазақстанмен іскерлік байланыстардың тығыздығына қатысты.
Алматыға келетін туристер белсенді демалысты жөн көреді: 54% табиғат аясындағы турлар мен экскурсияларды, 44% джип-турларды таңдайды. Гастрономия, шопинг және ойын-сауық жоғары бағаланып жүр, 70%-ы оң пікір білдірген. Отбасылық туризмге қатысты жағымды пікірлер үлесі 12 пайызға өсті. Іскерлік шығындар белсенділік, инвестициялар және халықаралық форумдардың көбеюіне байланысты үш есеге артты.
Almaty Tourism Bureau Алматының туристік хабқа айналу жоспары осылайша жүзеге асып жатқанын атап өтті. Қаланың әуежайы арқылы транзит жолаушылар санының артуы оның халықаралық бағыттардағы рөлінің өсіп келе жатқанын дәлелдейді. Зерттеу Алматы демалыс пен іскерлік сапарлар үшін танымал бағыт болып қала беретінін, ал қаланың туристік секторы қарқынды дамып жатқанын көрсетті.
Толық есеп мына сілтемеде.