Орталық қалалық клиникалық ауруханада интервенциялық кардиология бөлімшесінің ашылу рәсімі өтті. Бөлімшенің қызметі - тәждік артерия тамырын тенттеу және коронография жүргізу, соңынан жүрекке басқа да интервенциялық араласуларды енгізу. Ең алғашқы операция «Стенокардия» диагнозы бар 81 жастағы пациентке жасалды.
Жаңа бөлімшенің меңгерушісі, интервенциялы кардиолог Ержан Құттыгожиннің айтуынша, стенокардия жүректің ишемиялық ауруының бірі болып саналады және ол жүрек күретамырының атеросклерозы немесе спазма фонындағы жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан болады.
«Осындай бөлімшенің ашылуымен біз енді жоспарлы интервенициялық кардиологиялық медициналық көмек көрсете аламыз, яғни, тегін түрде жүрек тамырын емдеу үшін ТМККК және МӘМС тарапында шағын инвазивті хирургиялық араласа аламыз. Тәжді күретамырын стентеу және коронаграфия жүргізу паценттің есі қалпында аяғы немесе қолындағы тамырын тесу, рентгенмен барлық бейнені коронарлық аңғарды жалпы көрумен жүрек тамырларына катетер және контраст қою арқылы жүргізіледі. Операция еш қиындықсыз сәтті өтті. Қазіргі таңда пациент стационарда жатыр, онда тұрақты терапия алып отырады. Алдағы уақытта, бөлімшеде аритмологиялық интервенциялы араласу операциясы жүргізілетін болады», - деді кардиолог.
Сондай-ақ маман стенокардия ұстамасы шұғыл терапияны қажет етеді, себебі, егер ұстама ұзаққа созылып кетсе арты науқастың өміріне қауіп төндіретін күрделі аурушаңдық-миокард инфарктіне апарады. Бастапқы ауру пайды болған кезде дер кезінде маманға жүгіну керек. Сол сияқты, профилактикалық мақсатта кеңес алу үшін кардиологқа баруы тіс.
Дереккөз: Almaty.tv.