21.09.2022
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады.
Алматы халықаралық әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, әуежай әкімшілігі жолаушылардан терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы немесе вокзал алаңы арқылы өтулерін сұрады.
«Халықаралық Алматы әуежайы аумағындағы вокзал маңы алаңын күрделі жөндеу мен қайта жаңартуға байланысты 21 қыркүйектен бастап пандус жөндеу жұмыстарына жабылады. Жолаушылар көліктерді жабық және ашық тұрақтарда қалдыра алады. Терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы және вокзал алаңы арқылы өте аласыз» -делінген әуежайдың Іnstagram -дағы ресми парақшасында.
Бұған дейін Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені жазған болатынбыз.
Дереккөз: inform.kz