16 ақпанда Алматы қаласындағы НЗМ ФМБ базасында оқушылармен болашақ дағдылары мен экологиялық жауапкершілік тақырыбына арналған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында «Жасыл Алматы» негізгі бағытты іске асыру жөніндегі топтың бас менеджері, эколог және экологиялық бастамалардың авторы Пакизат Сайлаубекова дәріс оқып, интерактивті диалог форматында пікір алмасты. Мұндай кездесулер қаланың тұрақты дамуы мәселелеріне жас ұрпақты тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
Кездесуге 7–8 сыныптардың 35 оқушысы қатысты. Оқушылармен бірге алдағы 10 жылда ерекше маңызға ие болатын дағдылар — экологиялық ойлау, коммуникация, бейімделу қабілеті және жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, ауаның ластануы, су ресурстарының жай-күйі және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, болашаққа қатысты көзқарастарымен бөлісті.
Кездесу барысында экологияның тек теориялық ұғым емес, әр адамның күнделікті таңдауы екеніне ерекше назар аударылды. Әрбір азаматтың әрекеті қаланың экологиялық жағдайына және өмір сапасына тікелей әсер етеді.
Кездесудің негізгі ойы:
«Болашақты тек жақсы оқитындар емес, жүйелі ойлай алатын, өзара әрекеттесе білетін және жауапкершілік ала алатын адамдар қалыптастырады».
Алматы қаласының даму орталығы экологиялық сананы қалыптастыруға және белсенді азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған білім беру және қоғамдық бастамаларға қатысуын алдағы уақытта да жалғастырады.
