Алматы қаласының даму орталығы Almaty Air Initiative қоры ұйымдастырған, атмосфералық ауаның сапасы және қаладағы экологиялық ахуал мәселелеріне арналған іс-шараға қатысты.
Аталған іс-шараға шақыру Алматы қаласының даму орталығында бұған дейін өткен жұмыс кездесесінің қорытындысы бойынша жолданды. Кездесу барысында мегаполистің өзекті экологиялық сын-қатерлері, сондай-ақ қалалық институттар мен азаматтық және сараптамалық қауымдастық өкілдері арасындағы ықтимал өзара іс-қимыл форматтары талқыланған болатын.
Алматы қаласындағы экология және ауа сапасы мәселелері мемлекеттік деңгейде тұрақты назарда. Мемлекет басшысы өз сөздерінде қолайлы экологиялық ортаны қамтамасыз ету, соның ішінде ірі қалалардағы ауа ластану деңгейін төмендету орнықты дамудың басым бағыттарының бірі екенін және оның азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін бірнеше рет атап өткен. Сонымен қатар деректерге негізделген, заманауи технологияларды қолданатын және салааралық өзара іс-қимылға сүйенетін жүйелі шешімдердің қажеттілігі ерекше айтылды.
Алматы қаласының даму орталығы өкілдерінің Almaty Air Initiative іс-шарасына қатысуы басталған диалогтың заңды жалғасы болып табылады және қаланың ұзақ мерзімді әрі теңгерімді экологиялық күн тәртібін қалыптастыруға үлес қосуға деген ұмтылысты көрсетеді. Алматы қаласының даму орталығы бейінді қорлармен және сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастыққа ашық әрі мұндай алаңдарды экология және қалалық даму саласындағы кешенді шешімдерді талқылау, талдау және әзірлеудің маңызды құралы ретінде қарастырады.
Алматы қаласының даму орталығы алдағы уақытта да қалалық ортаның сапасын жақсартуға және мемлекеттік саясат деңгейінде айқындалған міндеттерді іске асыруға бағытталған бастамаларға белсенді түрде қатысуды жоспарлап отыр.
