«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ KIMEP University университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

19.02.2026

Құжатқа қол қою қалалық институт пен елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу және кәсіби кадрлар даярлау салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Келісім аясында тараптар бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, сараптамалық кездесулер, ашық дәрістер мен талдамалық сессиялар өткізуге, сондай-ақ студенттік бастамалар мен стартаптарды қолдауға уағдаласты. Ерекше назар қаланың тұрақты дамуы, әлеуметтік саясат, урбанистика, экономика және басқару мәселелеріне аударылатын болады.

Ынтымақтастық студенттер мен жас мамандарды мегаполистің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған практикалық жобаларға тартуды, сондай-ақ сараптамалық және талдамалық тәжірибе алмасуды көздейді.

Меморандумға қол қою академиялық қауымдастық пен қалалық даму институттарын біріктіретін ашық кәсіби экожүйені қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болып табылады және Алматының орнықты әрі серпінді дамуына қызмет етеді.