Алматы қаласы әкімдігінің Жобалық кеңсесінің «Мемлекеттік басқаруды жаңғырту» базалық бағытын іске асыру тобы Типтік базалық бағыттың №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» іс-шаралары/жобаларын іске асыру мәселелері бойынша орындаушылармен және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен консультациялық және әдістемелік кездесулер өткізіп келеді

18.11.2025

Алматы қаласы Жобалық кеңсесінің »мемлекеттік басқаруды жаңғырту» базалық бағытын іске асыру тобымен ағымдағы жылдың үш тоқсаны кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға (әкімдер аппараттары, басқармалар, ведомстволық бағынысты ұйымдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері) №4 »Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттағы іс-шараларды/жобаларды іске асыру/орындау мәселелері бойынша ақпараттық, әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен - әрбір мемлекеттік органда іске асырылатын бағдарламалардан басқа мемлекеттік органның негізгі қызметі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт құрылады және іске асырылады, оның құрамына мынадай топтар енгізіледі: 4) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл;

№4 ҮББ шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар көзделген. №4 ҮББ үш аспектіні (жобаны) көздейді: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.

Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің жұмысымен қамтылды: аудан әкімдерінің 8 аппараты, 23 басқарма, 90-нан астам ведомстволық бағынысты ұйымдар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері.

2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары ұйымдардың қызметінде 330-дан астам тәуекелді белгіледі, олардың 170-і бойынша тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жүргізілді.

«МБЖ» ББІАТ жүргізген жұмыс барысында орындаушыларға және басшылықтан ұйымдағы іс-шараларды іске асыруға жауаптыларға, комплаенс-офицерлерге/қызметтерге: жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың орындауы үшін міндетті талаптары жеткізіледі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, №4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі Нұсқаулық және т. б.); жобаларды орындау әдістемесі түсіндіріледі, міндеттер / қосалқы міндеттер, түзету іс-шаралары жүргізіледі, консультациялық қолдау көрсетіледі.