Қаланың бизнес ахуалды жақсарту – қаланы дамыту бағдарламасының басты бағыты.
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы түрлі салада еңбек ететін кәсіпкерлермен кездесті.
Шаһар басшысы бизнесмендерді толғантқан сұрақтарға жауап беріп, қордаланған мәселелерін шешуге уәде етті. Алматыда бизнес ахуалды жақсарту – қаланы дамыту бағдарламасының басты бағыты. Сондықтан осы аптаның басында қабылданған құжаттың 7 бағыты дәл осы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Басты назар жұмыс орнын құруға, инвестициялар тартуға, іскерлік ортаны жақсартуға аударылды.
«Бүгінде Алматы ұлттық экономиканың бестен бір бөлігін, мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен бірін және Қазақстандағы барлық сауда операцияларының 35 пайызынан астамын құрайды. Қаламыз бизнес пен капиталдың танымал орталығы болып табылады. Бүгінгі таңда мегаполистің шағын және орта бизнесі қала экономикасының жартысына жуығын (47,5%), ал қаланы жұмыспен қамтудың 65%-ын қамтамасыз етеді», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Дереккөз: Almaty.tv.