Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарқынды және дамып келе жатқан ынтымақтастықты атап өтті.
Еуроодақ біздің еліміздің жаһандық сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады және Қазақстанның басты инвесторларының тізіміне кіреді. Тауар айналымы 2021 жылы 28,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға жоғары. Алматыда ЕО елдері капиталының қатысуымен 713 бірлескен кәсіпорын және 1699 (Қазақстандағы 3 747) компаниядан) компания тіркелген.
Қала басшысы Еуропалық парламент делегациясының мүшелерін Алматы экономикасын қалпына келтіру жұмыстары, қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың алдағы жоспарлары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, кездесу барысында азаматтық қоғамдастықпен және үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері көтерілді, олардың бүгінде қалада 4 мыңнан астамы бар (республика бойынша жалпы санының 20%-ы, ҚР-да-19 мыңнан астам).
Кездесу соңында тараптар экономиканың басым бағыттары және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласы бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі