Су басу проблемасын шешу мақсатында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің техникалық жағдайына талдау жүргізілді. Нөсер кәріздерін, оның ішінде арықтар мен коллекторларды тексеру нәтижелері БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында көрсетілді.
Барлығы 56 учаске анықталды, оларды аздаған жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалады. Негізгі себептер-кейбір учаскелерде арық желілерінің болмауы, нөсер кәрізімен қосылмаған арықтар, бұзылған арықтар, арықтарды жолдарға шығару, сондай-ақ жұмыс істемейтін, бітелген, көмілген коллекторлар.
Қала шекараларының үнемі кеңеюіне және халықтың өсуіне байланысты ағымдағы жүйе жаңбыр мен еріген судың көлеміне төтеп бере алмауда. Мәселені шешу үшін арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайтып, кейін бірыңғай желіге біріктіріп, реконструкциялау қажет.
Тексеру көрсеткендей, жауын және еріген суды бұруға арналған 16 коллектордың тек 4-і Алатау ауданында 2013-2018 жылдар аралығында салынған. Қалған 12-сі иесіз және қызмет көрсетілмейді, қоқыспен жабылған және бітелген, бұзылған, арық желілеріне қосылмаған.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2022 жылдың наурыз айында қаланың арық жүйесіне инвентаризация жүргізілді. Нәтижесінде 1525 км арық желілері анықталды, олардың 1101 км жұмыс істейді, 424 км (27%) жөндеуді немесе реконструкциялауды қажет етеді, сондай – ақ ұзындығы 100 км жаңа арық желілерін салу керек.
Ағымдағы жылы қаланың жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар басталады (батыс бөлігі – Алатау, Наурызбай, Әуезов аудандары, орталық бөлігі – Жетісу, Бостандық, Алмалы аудандары, шығыс бөлігі – Медеу, Түрксіб аудандары).
Бүгінде қаланың батыс бөлігінде ұзындығы 119 км арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, іске асыру мерзімі – 2021-2023 жж. Бұдан өзге, осы жобамен желілерді жасыл екпелерді суару үшін пайдалану көзделмеген, қолданыстағы коллекторларға жаңбыр және еріген суларды бұру ескерілмеген, ал бұл жекелеген учаскелерді су басып қалуға әкелген.
Осыған орай жобаны қолданыстағы арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайта отырып, оларды реконструкциялауды әрі құрылыс жұмыстарын тоқтатпай бірыңғай желіге қосу жоспарлануда. Бұл су басудан сақтайды және жасыл желектерді суаруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі