14.12.2022
Алматының 2GIS картасы 1 желтоқсаннан бастап қаланың басты көрікті жерлері мен мәдениет ескерткіштерімен толықты. Картаға барлығы 71 негізгі құрылыс пен ғимарат енгізілген.
Енді қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы 2GIS мобильді қосымшасында көрікті жерлердің, археологиялық орындардың, сәулет ғимараттарының, монументалды өнер құрылыстарының, ансамбльдер мен кешендердің картаға түсірілген тізімін көре алады. Бұл пайдаланушыға көрікті жерлерді табуды жеңілдетеді және қолдануға өте ыңғайлы.
Ғимараттар мен көрікті орындарды көру үшін «Алматының көрікті жерлері» қосымшасын теру немесе мына сілтеме бойынша кіру керек.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі