12.07.2022
Кездесу уақыты: 18 шілде сағат 09:00.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу 18 шілде күні сағат 09:00-де Томирис шағын ауданы Центральная көшесі, 126/1 мекенжайда орналасқан №205 жалпы білім беретін орта мектепте өтеді.
Бұл – әкімнің қала тұрғындарымен тоғызыншы кездесуі.
Жыл соңына дейін барлығы 24 кездесу, яғни 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өткізіледі.
Дереккөз: Almaty.tv.