12.05.2022

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен үшінші кездесуі Әуезов ауданында өтті. Іс-шараға ауданның 500-ден астам тұрғыны келді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымыздың құрылғанының 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтағым келеді! Әуезов ауданы 1 шаршы метрге 13,1 мың тұрғын орналасқан әрі жалпы қалалық көрсеткіштен 4,5 есе көп Алматының ең тығыз қоныстанған ауданы болып табылады.Сауда объектілерінің жеткіліктілігі мен жақындығы және дамыған инфрақұрылым ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан серпінді дамуына ықпал етеді», - деді Ерболат Досаев өзінің сөзінде.

Алматы әкімінің мәліметінше, жыл басынан бері инвестиция мен салық көлемі өскен. Ауданда шағын және орта бизнес белсенді дамуда. 37 мыңнан астам субъект жұмыс істейді – қаланың әрбір алтыншы ШОБ субъектісі Әуезов ауданында тіркелген. Биыл 4,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 3,3 мыңы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылады.

Баяндамасының барысында Ерболат Досаев «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін жариялады. Оларды ағымдағы жылдың 18 мамырынан 1 маусымына дейін қабылдай бастайды. Бағдарлама аясында қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті заемдар беріледі. Бастапқы жарна-қарыз сомасының 10%-ы, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Халықпен кездесу барысында Алматы әкімі ауданның негізгі проблемалық мәселелерін атап өтті, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылыммен, инженерлік желілермен қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру, синтетикалық есірткілердің таралуы және т. б.

Әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жаңа медициналық мекемелердің, мектептер мен балабақшалардың құрылысы жалғасады. Құрылыс салушылармен жасалған меморандум аясында 2 жаңа мемлекеттік мектеп салу және 400 орынды 1 жеке мектеп ашу жоспарлануда (4 шағын ауданы 11 үйдегі мекенжай бойынша «Достық» жеке мектебі). Жақын арада 1960 жылы салынған №72 апатты мектептің орнына 1 200 орынды жаңа мектеп салу үшін қосымша жер учаскелері сатып алынатын болады.

Жеке инвестициялар есебінен орын тапшылығын қысқарту мақсатында 800 орынды 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда, сондай-ақ, Алтын бесік шағын ауданында 120 орынды жаңа қалалық балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша 10-шы шағын ауданда тағы бір 280 орынды балабақша салу үшін жер учаскесі сатып алынды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен 800 орынды 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Мамыр-1 шағын ауданында ағымдағы жылдың маусым айында ауысымына 200 келушіге арналған бес қабатты отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Қуаныш ш/а ауысымына 500 келушіге арналған емхана салу учаскесі анықталды.

Халықпен кездесу барысында қала басшысы 1960-1970 жылдары салынған ауданның инженерлік инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті. Қазіргі уақытта «Достық» шағын ауданы және Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің қиылысында су бұру желілерін салу үшін 2 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Мамыр-4 шағын ауданы мен «Саин-Шаляпин-Жандосов-Қарғалы» өзені көшелерінің қиылыстарында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге қатысты 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер бірмезгілде өтуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылы басталады.

Сондай-ақ, Алматы әкімі көлік ағындарын оңтайлы ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарларын ұсынды. Маусым айында метрополитеннің 2 станциясы – «Сары-Арқа» және «Момышұлы» іске қосылады.

«Бүгінде Төле би көшесін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол үшін әкімдік 270 жер учаскесін босатуы қажет, оның ішінде біз 63 учаске бойынша сатып алу бағасы бойынша келістік және 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл өткен жылы ашылған Абай даңғылындағы Момышұлы көшесінен батыс бағыттағы алты жолақты учаскемен бірге біздің мегаполистегі көлік ағындарын оңтайлы түрде қайта бөлуге және іргелес жатқан магистральдық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі.

Жайлылық жасау және қаланы абаттандыруды жақсарту мақсатында 2019 жылдан бастап Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы іске асырылуда. Биылғы жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша скверлерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын жөндеу, бос жатқан учаскелерді абаттандыру бойынша 23 жоба айқындалды, 191 аула аумағын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Сайран көлін абаттандыру, соның ішінде көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінде бөгеттерге көпфакторлы тексеру жүргізілді, оң қорытынды бар, түбін тазарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде (мерзімі – а.ж. шілде айы).

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарының жолын кесу үшін ауданда 457 камера орнатылады, оның ішінде 87-сі аулаларда, 202-сі саябақтарда, әлеуметтік нысандардың жанында.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, шығармашылық үйірмелерді, спорт секцияларын және т.б. жан басына қаржыландыру мәселелерін көтерді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев Халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсан сайын 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.

Еске салсақ, Алматы әкімінің халықпен алғашқы кездесуі 14 сәуірде Бостандық ауданының, екіншісі – 28 сәуірде Алатау ауданының тұрғындарымен өткен болатын.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі