Алматы қаласы аумағында 2022 жылғы 5-ші сәуірден 30-шы сәуірге дейінгі аралықта жалпы ауданы 2424,54 га болатын орман және қалалық саябақтар, алаңдар аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізіліп аяқталды. Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды (көлемі - 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, алаңдары (көлемі – 519,616 га) қамтылды. Оның ішінде, аудандар кескінінде:
Алатау ауданы – 2,93 га;
Алмалы ауданы –46,7 га;
Әуэзов ауданы –17,97 га;
Бостандық ауданы - 439,314 га;
Жетісу ауданы -50,05 га;
Медеу ауданы -1526,76 га;
Наурызбай ауданы -154,716 га;
Турксіб ауданы -186,10 га.
Кене энцефалитіне қарсы өңдеу жұмысының екінші кезеңі 2022 жылғы мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.
Дезинсекциялық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен Алматы қаласы бойынша «Дезинфекциялық орталық» филиалымен жүргізілді. Дезинсекциялық өңдеуге 19 даярланған мамандардан құралған 2 дезинфекциялық бригада жұмылдырылды. Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін қажетті жабдықтармен: 6 ыстық тұманды термогенераторлар, 3 суық тұманды термогенераторлар, 2 - он екі литрлік моторлы бүріккіштер, 10 - бес литрлік гидропульттер, 2– автокөлiкпен жабдықталды. Кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына қатысқан мамандар қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлді. Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпті емес 4 класқа жататын инсекті-акарицидидтік «Фаворит» препараты қолданылды (адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз).
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары кенеге қарсы өңдеу шараларының тиімділігіне бақылау жүргізуде.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі