16.08.2021

Алматы тұрғындардың күнделікті өмірінің басты салаларында цифрлық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлімдеді.

Б. Қоңырбаевтың айтуынша, Алматы ТМД мен Шығыс Еуропа аумағындағы қалалардың көшбасшы тобына кіреді.

«Ең бастысы, цифрландыру туралы сөз болғанда, біз «Алматы - 2050» бағдарламасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы басқарудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес болу тиіс екенін түсінуіміз керек», - деді Цифрландыру басқармасының басшысы.

Б. Қоңырбаев оның басқармасы үшін Алматы қаласы таланттарының цифрлық технологиялар арқылы өздерін танытып, сұранысқа ие болулары маңызды екенін атап өтті.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша біз 2017 жылдан бастап халықаралық деректер корпорациясының цифрлық жетілу рейтингісінде Алматы қаласының 2,7 балл позициясын алғанын көреміз. Бұл біз соңғы екі жылда қолжеткізген өте үлкен көрсеткіш. Бұл маңызды оқиға. Түсінікті болу үшін, 2019 жылы біз 10-шы орынды иелендік, ал ТМД-ның ақылды қалалары арасындағы соңғы нәтижелер бойынша біз 2-орында тұрмыз. Яғни, біз Киевтен озып, Мәскеуден кейінгі орындамыз», - деді Б. Қоңырбаев.

Цифрлық жетілу – қаланың өз дамуында цифрлық шешімдерді енгізуге дайындығының негізгі көрсеткіші екенін атап өткен жөн. Спикердің айтуынша, цифрлық трансформация – бұл жаһандық мақсат және цифрлық жетілу, оның негізгі белгілерінің бірі ретінде, барлық салаларда барлық деңгейде қол жеткізілуі тиіс. Бұл жағдайда цифрлық трансформация процесін сәтті деп атауға болады.

«Біз қаланы цифрландыруға ғана емес, тұрғындарымызға қолайлы жағдай жасауға, таланттардың дамуына жағдай жасауға және өмірлік белсенділігімізге жаңа технологияларды тартуға ұмтыла бастадық», - деп жалғастырды Б. Қоңырбаев.

Баспасөз конференциясы барысында Цифрландыру басқармасының басшысы әр үкіметтік ведомство деңгейінде сараптамалық кеңес құру туралы айтты.

«Бұл негізгі төрт бағыт: инфрақұрылымдық жобалар, қалалық бастамалар, мемлекеттік қызметтерді бағалау, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен құрылған АT-кеңес», - деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Алматыны цифрландырудың негізгі жетістіктері туралы айтқан спикер мегаполистің бес жетістігін еске алды. Бұл тізімде Бірыңғай деректер базасы, Бірыңғай коммуникациялық кеңістік, шалғай аудандарда АКТ-ны инфрақұрылымдық дамыту, қала аудандарын экономикалық кластерлеу және Smart City Accelerator бар.

Б. Қоңырбаев өз сөзінде бірыңғай деректер базасының жобасы туралы кеңінен айтты. Оның көмегімен мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар мен академиялық институттар деперсоналдырылған деректермен алмаса алады. Цифрландыру басқармасының басшысы бірыңғай деректер базасын әзірлеген кезде ұлттық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың деректермен алмаса алатын Сингапур тәжірибесін қолданғандарын айтты.

«Біз платформаны іске қостық және ол өзін жақсы көрсетті. «Алматы Су», жылу желілері мен басқа да коммуналдық қызметтер бірыңғай стандарт бойынша мәліметтер базасының форматын жүргізе бастады. Бұл шын мәнінде үлкен жетістік», - деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Жалпы алғанда, қалалық процестерді цифрландыру оларды басқарудың рационализациясына әкеледі, бұл алматылықтардың өмір сапасына оң әсер етеді, деп қорытындылады спикер. 2021 жылдың соңына қарай Цифрландыру басқармасы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауға қатысты деректерді жинауды жоспарлап отыр. Бұл мемлекеттік органдарға жалпы форматта қандай мәселені басты назарда ұстауға болатынын көрсетеді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі