Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту қалай жүріп жатыр

18.05.2023

Алмалы ауданында инженерлік желілерді модернизациялау жұмыстары қалай жүріп жатыр? Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде айтып берді.

«Осы жылдың қаңтар айынан бастап мамырға дейінгі аралықта электр желілерінде 93 авария тіркелді және осы проблеманы шешу үшін жыл басынан бері 6 подстанцияны модернизациялау және 19 км тозған электр кабель желілерін ауыстыру жұмысы жүргізілді. Жыл соңына дейін 28 подстанцияны реконструкциялап,  тағы 50 км электр желілерін модернизациялау жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара электр желілерінің тозуын 61%-ке дейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді (АЖК бағалауы бойынша бүгінде тозу 81%)«, - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, жыл басынан бері Тұрғыт Озал, Чайковский және Мақатаев көшелеріндегі аула ішіндегі аумақтардағы 1,4 км су құбыры желілері жөндеуден өтіп, сондай-ақ Бруно мен Рахманинов көшелерінде 700 м канализация желілері салынған.

«Жыл соңына дейін 3,6 км су құбыры (7 учаске) және 1,2 км жылу желілерін (Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр бөлігінде) модернизациялау, сондай-ақ жалпы жеке сектордың: 2я-Кастекская, Моңғол, Есентай және Қожамқұлов көшелеріндегі жалпы ұзындығы 1,6 км канализация құрылысы аяқталады«, - деді ол.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv