Алмалы ауданында Есентай өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілік өтті

14.11.2022

Алматы қаласының полиция департаменті мен ҚР ІІМ Академиясы Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде Есентай өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілікке шықты. Экологиялық іс-шараға полиция департаменті жеке құрамының 600 адамы қатысты, тазалауға 40 самосвал, экскаватор, автокран, екі трактор, екі мотопомпалар және бір алдыңғы автокран жұмылдырылды. Шамамен 740 м3 лай шығарылды.

Өзен арнасын лай мен құмнан тазарту қала аумағы арқылы ағып жатқан су ресурстарының учаскесіне күтім жасау және оған ұқыпты қарау жөніндегі маңызды іс-шара болып табылады.

 

 

 

Дереккөз: Алмалы ауданы Әкімінің аппараты