Алмалы ауданын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр

26.08.2022

Ауданда ескі және тозған желілердің салдарынан электр көздері істен шығып, жиі авариялар орын алады.

Ауданның негізгі мәселелерінің бірі –электрмен қамтамасыз етудің тұрақсыздығы. Аудан тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәселенің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Қала әкімінің айтуынша, ауданда ескі және тозған желілердің салдарынан электр көздері істен шығып, жиі авариялар орын алады. Әсіресе Байтұрсынов – Абай – Төле би – Розыбакиев көшелерінің бойында авариялар жиі болып тұрады. Биылғы жылдың өзінде электр желілерінде ауданда 240-тан астам авария болды.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін 2022-2023 жылдары қаланың электр желілерін жаңарту көзделген.

«Осы жоба аясында аудан бойынша екі жыл ішінде резервтік қуатты 10кВт-қа дейін ұлғайтып, 156км ескірген кабельдерді ауыстыру, сондай-ақ 13 тарату және 195 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңартуды қарастырып отырмыз.

Қазірдің өзінде 5 км (2022 жылғы жоспар - 81 км.) кабель желілері ауыстырылды, 8(2022 жылғы жоспар - 10) тарату және 42(2022 жылғы жоспар - 50) трансформаторлық подстанция жаңартылды.

Жыл соңына дейін тағы 26 км желіні ауыстырып, 2 тарату және 8 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңғыртамыз«, - деді мегаполис басшысы.

Нәтижесінде, 2022 жылдың соңында аудандағы тозған электр желілерінің үлесі 70-тен 56%-ға дейін азаяды.

Жоба аяқталғаннан кейін, келесі жылы тағы 75км желіні жаңарту, 3 тарату және 145 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңарту есебінен тозған желілердің үлесі 44%-ке дейін азаяды.

Осы шаралардың барлығы Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

10 қыркүйекке дейін екі учаскеде 415м жылу желілерін қайта жаңарту аяқталады, оның ішінде: Досмұхамедов көшесінің бойымен Құрманғазыдан Абайға дейін ұзындығы 225м және Бөгенбай батыр – Радостовец қиылысындағы аулада –190м.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.