Спорттық және мәдени өмір туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертас Бесіров айтып берді.
«Ағымдағы жылы Нұркент шағын ауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Орталықтың негізгі залы - 20, жаттығу залы - 8 теннис үстелімен жабдықталған. Залда көрермендерге арналған 328 орын бар», - деді Е. Бесіров.
Ауданымызда 2020-2021 жылдары салынған футбол алаңдарында арнайы жаттықтырушылар тарапынан тегін жаттығулар өткізіледі.
Сонымен қатар, спорт және мәдениет бағыттары бойынша тегін оқытатын 9 аула клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Alatau Creative Hub» мәдени-білім беру орталығы балаларды тегін үйірмелерге қабылдайды.
«Ағымдағы жылы Алатау ауданы әкімінің аппаратымен аудан тұрғындары үшін спорттық және шығармашылық үйірмелерін ашу үшін жер телімімен бірге бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу мәселесі қаралды. Бүгінгі күні меншік иесімен ғимаратты сатып алу үшін құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимаратты сатып алғаннан кейін Алматы қаласының тиісті басқармаларымен бірлесіп үйірмелер ашу жоспарлануда», - Е. Бесіров.
«Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары базасында бірлескен үйірмелер ашу мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Нұркент ш/а мектеп жасына дейінгі балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының, жабық және ашық корттары бар теннис орталығының, Зерделі ш/а дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі