Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2021 жылы қабылданған халықты әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтты.
Азамат Қалдыбеков бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті Алатау ауданының 1 794 отбасы 624,4 млн теңгеге, ал тұрғын үй көмегін 9,7 млн теңгеге 435 өтініш беруші алғанын хабарлады.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 764 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 1 390 адам, жастар практикасына 315 адам жіберілді, 200 АЕК көлемінде гранттар 153 адамға, тұрақты жұмыс орындарына 2 698 адам, ал жоба бойынша алғашқы жұмыс орнына – 12 адам орналастырылды», – деді Алатау ауданының әкімі.
Спикер сондай-ақ Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен «Халық Банк» АҚ бірлескен жобасы аясында ауданның аз қамтылған отбасыларының 46 жеке тұрғын үйі орталық газбен жабдықтауға қосылғанын хабарлады.
Дереккөз: Almaty.tv.