27.04.2023
Алатау ауданында 2 дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023 жылдың ақпан айында «Саялы» және «Қарасу» 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Медициналық мекемеде 200 адам қабылдайды,
Әкімнің айтуынша, құрылыс 2024 жылдың І-тоқсанында аяқталады. Осылайша, ауданда тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешіліп келеді.
Дереккөз: Almaty.tv