23.05.2022
Сурет Парижде түсірілген. 30 жыл бұрын, 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүшелікке өту сәтінде. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.
Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілген бес нысан бар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл.
Тамғалы археологиялық тас петроглифтері кешені, 2004 жыл.
Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағдарламасының желісі, 2014 жыл.
Сары-Арқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, 2008 жыл.
Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.
Дереккөз: Zakon.kz