Аймақтық кеңестен өндіріс алаңдарына дейін: Алматының Индустриалды аймағында жобалар қалай жүзеге асуда

21.05.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Өңірлік үйлестіру кеңесі мүшелерімен көшпелі кеңес өткізді, оның барысында Алматының Индустриалды аумағындағы жобаларды жүзеге асырудың қарқынымен танысты.

2019 жылдың қазан айында Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысы қайта форматталды. Оның құрамына сарапшылар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салалық кәсіподақтардың басшылары кіреді. Осы тәсілдің және қолдау шараларының арқасында жоғары технологиялық өндірістер ашылуда.

Соңғы екі жылда ӨҮК-тің 12 отырысы өткізілді, онда 6,5 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен жалпы инвестициялар сомасы 172, 3 миллиард теңгеге 51 жаңа жоба қолдау тапты. Инвесторларға 185 гектар жер учаскелері берілді. Сондай-ақ, тиімсіз пайдаланылатын 15 гектар учаске оңтайландырылды. Сонымен қатар, 38 жоба іске асырылу динамикасының болмауына байланысты ПАА портфелінен шығарылды, 156 га аумақ босатылды.

Индустриалды аймақта автоклавталған газбетон шығаратын екі кәсіпорын – «Г. С. Г. Высотник» ЖШС және «СК Рахат» ЖШС іске қосылуда. Екі компания да әрлеу және пайдалануға беру жұмыстарын аяқтауда. Жобаларға 2 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, 165-тен астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Аталған жобаларды іске асыру Алматы мен облыстың құрылыс компанияларының сапалы газбетонды блоктардағы сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Индустриалды аймақтағы 10 гектардан астам алқап алюминий және биметалл радиаторларын шығаратын 11,6 млрд. теңгені құрайтын Қазақстандағы алғашқы зауытты салатын «Valtherm» ЖШС-не бөлінген. Өндірістік нысанның бірінші кезеңінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта сыртқы желілерді төсеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 430 жұмыс орнын құрумен өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Қала әкімдігі қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ИАА-да техникалық колледж салынады, мұнда іске асырылатын барлық жобалар үшін мамандар оқитын болады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Индустриалды аймақта 80 жұмыс орнын құрайтын, қуаты жылына 25 мың тоннадан астам өнім шығаратын «КМК Investment» ЖШС мыс және алюминий созба сым шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Жобаның құны 11,3 млрд теңгені құрайды. 2018 жылы KMK Investment жылына 20 мың км кабельдік және сымдық өнім шығаратын кабельдік өнімдер шығаратын зауытты іске қосқанын айта кеткен жөн. Инвестициялар 12,7 млрд теңгені құрады, 100 жұмыс орны құрылды.

Инвестордың алдағы жоспарында-индустриялық аймақта кабель өндірісіне арналған инновациялық муфталар, полиэтилендер мен пропилендер, қорытпалардан жасалған аса жеңіл кабель жаймалары өндірісін қамтитын Еуразиялық энергетикалық комбинат құру, сонымен қатар энергия тиімділігі және инновациялық әзірлемелер саласындағы ғылыми-зерттеу институты.

Шілде айында Индустриалды аймақта 65 жұмыс орнын құрумен құны 512 млн теңгені құрайтын «Қаз-Диа-Тест» ЖШС медициналық диагностикалық сынақ жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады. Компания жұқпалы және онкологиялық ауруларға жедел тесттер шығаруды, сондай-ақ қоректік орталардың алғашқы отандық, сериялық өнеркәсіптік өндірісін дамытуды жоспарлап отыр. Пандемиямен байланысты әлемдік жағдайдың салдарынан зауыт базасында ПТР-тестілерді, коронавирусқа (COVID-19) экспресс-тестілерді және онкологияның алғашқы сатыларын шығаратын жаңа автоматтандырылған желіні іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі күні өндірістік ғимаратты салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, үй-жайлардың әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы әкімі Б.Сағынтаев бұл өндірістің ерекше маңыздылығын атап өтті, ол қоғамдық денсаулық пен жалпы ұлттық қауіпсіздікке байланысты тест-жүйелердің жергілікті өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Әлмерек» ЖШС медициналық өнімдер шығаратын зауыт іске қосылды. Кәсіпорында бір реттік стерильді терапевтік шпательдер, зондтар, жиынтықтар, скарификаторлар, сұйықтықтарды вакууммен қабылдау жүйелері өндірісі басталды. Жобаға 443,4 миллион теңге жеке инвестиция құйылды, 50 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев химия, құрылыс және машина жасау салалары бойынша «BСФ» ЖШС, «ЖБИ Гарант», «Әлем тынысы» ЖШС, «City Stone» ЖШС, «Электробар» ЖШС, «Теплостил» ЖШС жаңа нысандарының құрылыс барысымен танысты. Инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайды, кәсіпорындарда 340 жұмыс орны құрылады.

Алматы Индустриялық аймағының қатысушылары 6,2 мың жұмыс орнын құра отырып, 211,7 млрд теңгеге жобалары бар 54 компания болып табылады. Бүгінгі күні 14 жоба іске асырылды («BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment» - бірінші және екінші кезеңдер, «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan») жалпы сомасы 75 млрд теңге, 2248 жұмыс орны құрылды.

2021 жылдың аяғына дейін 9 жобаны («СК Рахат», «Г.С.Г. Высотник», «Каз-Диа-Тест», «City Stone», «Әлем Тынысы», «Asia steel pipe corporation», «Электробар», «Valtherm», «Technokont») іске қосу жоспарлануда жалпы сомасы 40,5 млрд теңге әрі 823 жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы 5 өндірістік паркті ашу, ШОБ үшін 22 мың шаршы метр өндірістік алаңды пайдалануға беру жоспарлануда, бұлардың жалпы құны 2,3 млрд теңге және 860 жұмыс орны құрылады. 2025 жылға дейін Индустриалды аймақта инвестициялық жалпы құны 93 млрд теңге болатын 28 жобаны іске асыру, 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі