Алматы қаласының даму орталығында Алматы қаласында кәсіби қызметін жүзеге асыратын коммуникациялық қоғамдастық өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге коммуникациялар және қоғаммен байланыс саласының мамандары, жарнама-коммуникациялық және PR-агенттіктердің өкілдері, бизнес-қоғамдастық, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы қатысты. Атап айтқанда, Watch IT жарнама-коммуникациялық агенттігінің, PR-шы клубының, Almaty Museum of Arts, Mega Management, Alina Group, Ayala қайырымдылық клубының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Nabroski.kz коммуникациялық агенттігінің, Lincoln Company, Tan Consulting, Jet Group, Coca-Cola Icecek, CCI Kazakhstan, Almaty Air Initiative және Media Marketing ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіби өзара іс-қимыл мәселелері, тәжірибе алмасу тетіктері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру шеңберіндегі ықтимал ынтымақтастық форматтары қарастырылды. Қатысушылар коммуникациялық қызметтің практикалық аспектілерін және мемлекеттік құрылымдар, бизнес пен азаматтық сектор арасындағы орнықты диалогты қалыптастырудағы салалық қоғамдастықтың рөлін талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар тұрақты әрі сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, қолда бар құзыреттер мен қолданыстағы бағдарламалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу жұмыс форматында өтіп, Алматы қаласының даму орталығының кәсіби және қоғамдық коммуникациялық қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимылын дамытуға негіз қалады.
