Алматы қаласының даму орталығының «Жасыл Алматы» жобасының бас менеджері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде өткен, ауа сапасын жақсарту бойынша халықаралық тәжірибені енгізуге арналған кеңеске қатысты.
Кездесу барысында Бейжің қаласын қоса алғанда, әлемнің ірі мегаполистерінің табысты тәжірибесі ұсынылды. Цифрлық мониторинг, көлік жүйесін жаңғырту және экологиялық реттеу шаралары ауа сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергені атап өтілді.
Алматы үшін келесі басым бағыттар айқындалды:
• газдандыруды дамыту және қатты отынды пайдалануды азайту
• көлік шығарындыларын төмендету
• экологиялық бақылауды күшейту
• заманауи мониторинг жүйелерін енгізу
Алматы қаласының даму орталығы экологиялық стандарттарды енгізу, деректерді интеграциялау және қалалық қызметтердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысқа белсенді қатысуда.
Біздің ортақ мақсатымыз — Алматы тұрғындары үшін қауіпсіз және тұрақты қалалық ортаны қалыптастыру.
