08.02.2023

23 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың ұялы телефонына хабарлама жіберіледі.

Елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген 12 мың жасқа қолдау көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға арналған жаңа пилоттық жобаны іске қосты.

Бастама бойынша келер аптадан бастап 23 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың ұялы телефонына хабарлама жіберіледі. Келген SMS-те жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері көрсетілген. Қолдау шарасы еңбекке жарамды азаматтардың 8 санаты бойынша берілмек.

«Азаматтардың қай санатқа жататынын анықтап алдық. Олардың арасында жұмыссыз жүргендер, көпбалалы отбасы, АӘК алатын, сондай-ақ алтын, күміс алқа иелері бар», – деді ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Министрлік жұмыссыз жастарды қолдауға бағытталған тағы бір жобаны қолға алмақ. Істің көзін тауып, кәсіп ашуға ниетті 21 жастан жоғары жастарға қайтарымсыз грант беріледі. Бұл мүмкіндікті 35 жастағы жастар да пайдалана алады. Қаржы 5 млн теңгеге дейін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға үлестіріледі. Негізгі талап – кәсіпкер ретіндегі тіркеуі 3 жылдан аспауы қажет.

«Өтінімдер «Business.enbek.kz»  порталында 20 ақпаннан бастап қабылданады. Алғашқы кезеңде республика бойынша 2,5 мың грант беру жоспарланып отыр. Бастама бойынша 9 мың грант беріледі. Үміткердің соңғы үш жылда алған «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаты болуы тиіс», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.