30.03.2023

Әр емхана 100-ден аса келушіні қабылдайды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында cапалы медициналық қызмет көрсету үшін амбулаториялар салынатынын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта «Нұршашқан» шағынауданында 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. II-ші тоқсанда Айбасов көшесінде 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады», – деді қала әкімі.

Сонымен қоса, II-ші тоқсанда «РВ-90» (2022 жылғы желтоқсанда шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты «АрхКомплекс» ЖШС-мен шарт бұзылды) және «Әлмерек» (ауданы 0,6 га жер учаскесін сатып алғаннан кейін) шағынаудандарында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін конкурстар жарияланатынын айтты.

«Қайрат» шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарланған. Аудан тұрғындарына әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілерді «қолжетімді» ету үшін қарқынды жұмыс жалғасуда», – деді Ерболат Досаев.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.