Ақылды Денсаулық сақтау: жедел жәрдемнің келу уақыты 5 минутқа қысқарды

04.11.2016

3bdd3a89 d9d8 4e90 b121 3f047ed011ad large

Smart Almaty жобасын енгізу аясында Денсаулық сақтау саласы да белсенді дамып келеді.

Қазақстанда алғаш рет Алматыда »Көмек 103» навигациялық жүйесі енгізілді. Ол диспетчерлік орталық арқылы бригада жіберуге мүмкіндік береді, дәрігерге емделушінің симптомдары туралы ақпарат түседі, бұл емдеу әрекеттерін түзетуге мүмкіндік береді. Жүйені енгізу кезеңінде жедел медициналық көмек бригадасын шақырғанда, келу уақыты 17 минуттан-11,7 минутқа дейін қысқарды. 80%-дан астам жағдайда »жедел жәрдем» 15 минут ішінде келеді.

Бұл ақылды денсаулық сақтаудың толыққанды жүйесінің бір ғана элементі.

Орталық коммуникация қызметі брифингінің барысында »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанна Төлегенова мәлімдегендей: «Smart Almaty бойынша жүргізілген зерттеу шеңберінде біз халықаралық тәжірибені зерделедік«. Ол Ұлыбритания тәжірибесін Лидс қаласы мысалында ерекше атап өтті. Онда бірінші кезекте емханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға және созылмалы аурулардың деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді шешім бар. Бұл үшін отбасылық дәрігерлер, клиникалық дәрігерлер мен медициналық-әлеуметтік қызмет қызметкерлері үшін қолжетімді электрондық карта енгізілген.

«Аталмыш жобаның ерекшелігі - оған медицина қызметкерлерінен басқа, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қатысады. Қала бойынша созылмалы аурумен ауратын науқастарға көмек көрсететін бригадалар жұмыс істейді»,— деп түсіндірді ол.

Алматы үшін бұл тәжірибе осы жұмысты медицина қызметкерлері емес, орта медициналық қызметкерлер емес, әлеуметтік қызметкерлер мен волонтерлер атқаратындығымен ерекшеленеді.