3 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын.
8 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының жақында берген сұхбатында сараптамалық талқылаулар өтті, онда ол ішкі және сыртқы саясат мәселелерін қозғады, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда Egemen Qazaqstan республикалық газетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын. «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі, «Қазақстан ұйғыр жастары одағының» төрағасы Рустам Қайрыев бұл сұхбат Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауымен тең екенін атап өтті.
«Сұхбат өте ауқымды, қызықты және бәрін қамтыған. Мемлекет басшысы бір жыл ішінде жинақталған қоғамның барлық өзекті сұрағына жауап берді. Біз Президенттің 2023 жылдың қалай өткені, қандай жетістіктер болғаны, не істелгені және т.б ойын білдік. Жалпы, өткен жыл Қазақстан үшін басқа елдермен жемісті ынтымақтастық жылы болды. Мемлекет басшысы көптеген елді аралап, жақсы келісімдер жасады. Әрбір одақ Қазақстан үшін экономикалық әл-ауқатқа әкеледі, бұл бүгінгі таңда бізге өте қажет. Қазіргі уақытта әлемде экономикалық, геосаяси өзгерістер болып жатқанын ескерсек, Қазақстан барлығымен нақты позиция жасауда», - деп бөлісті Р.Қайрыев.
Сарапшылар өткен жыл Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталды деген пікірімен келісті.
Қоғам қайраткері, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алина Кан өз кезегінде Мемлекет басшысының сұхбатын оқып, мақалада қоғамды толғандыратын мәселелер қарастырылғанын атап өтті.
«Сұхбатта Президент ішкі және сыртқы саясатқа қатысты көптеген тақырыпты қозғады. Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды. Мен бұл сұхбатты барлығына оқуға кеңес беремін. Әркім өзінің көптеген сұрағына жауап табады деп сенемін», - деді А.Кан.
Талқылауды жалғастыра отырып, Ауған қауымдастығының өкілі Омар Мұхаммедсаруар өткен жылы саяси реформалар аясында елде оң қадам болғанын айтты. Ол маңызды мемлекеттік лауазымдарға жаңа буын менеджерлері тағайындалатынын атап өтті.
«Сұхбат өте көлемді, ауқымды, мен оны бірнеше рет қайта оқыдым. Сұхбатта адамдарды, соның ішінде бізді, жастарды қызықтыратын көптеген сұраққа жауап берілді. Мен әсіресе жастарға әсер еткен оң өзгерістерді атап өткім келеді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастар, әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы квота қолданылады. Сонымен қатар министрлердің, вице-министрлердің және ведомство басшыларының лауазымына жастар кадрлық резервінен шыққан адамдар тағайындалады. Менің ойымша, еліміздің қазіргі саясаты, Президентіміз таңдаған жол жастарға үлкен мүмкіндік ашады», - деп түсіндірді ол.
Дереккөз: Almaty.tv.