Сайлау 2023: Биыл 3000-нан астам байқаушы саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды

16.03.2023

Cаяси дода 19 наурызда өтеді.

Алдағы сайлауда арнайы оқытылған 3000-нан астам байқаушы саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды.

Бірнеше үкіметтік емес ұйымның коалициясы есебінде құрылған Baqyla қоғамдық қозғалысы 19 наурызда республика аумағында жұмыс істемек. Бұған дейін арнайы дайындықтан өтіп, алдыңғы сайлауда тәжірибе жинаған байқаушылар келесі кіріспек.

«Квалификацияның болмауын, заңның бұзылмауын қадағалайтын – байқаушылар. Біздің негізгі міндетіміз – сайлауды бастан-аяқ байқау. Білім, тәжірибеміз бар, сол тәжірибемізге сүйене отырып, келе жатқан сайлау процесін бақылайтын боламыз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 20-дан астам өңірде филиал бар», – деді Baqyla қоғамдық қозғалысының мүшесі Әсет Базарбай.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.