07.02.2023

Cайлау алғаш рет мажоритарлық жүйе негізінде өтпек.

Орталық сайлау комиссиясы 25 халықаралық байқаушыны тіркеді. Олар алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында жұмыс істейді.

Тіркелгендердің қатарында ТМД-ға мүше елдердің Парламентарлық Ассамблеясынан 11, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясынан 13 байқаушы бар. Айта кетейік, бұл сайлау алғаш рет мажоритарлық жүйе негізінде өтпек.

«Бұрын партия құруға қаншама адамды жинау керек еді? Қазір талап өзгерді. Бұл – әрбір қазақстандыққа деморатия жолымен ел басқаруға жол ашылды деген сөз», – деді Ұлттық құрылтайдың мүшесі Шаймардан Нұрымов.

«Соңғы бір жылдағы саяси реформалар – қысқа уақытта тұтас жүйені өзгертудің мүмкін екенін көрсетті». Осылай деген қоғам қайраткерлері алдағы науқан да ел сенімінен шығып, көптің үмітін ақтауы тиіс деп атап өтті.

«Осы елдің азаматы болғаннан кейін, азаматтық міндетімізді атқаруымыз керек.Осы тұрғыдан келгенде реформа жұрттың бәрін де иландырады. Қазақ «сенім – сең бұзады» деген. Сол саясатқа халық сеніп отыр», – деді қоғам қайраткері Асылы Осман.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.