Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға 6 айға тыйым салынды

23.01.2023

Құжат ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым 6 айға ұзартылды.

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойды. Құжат ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін«, – делінген құжатта.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.