Қазақстан мектептерінде қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі

24.01.2023

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі.

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.

«2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде »Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде »Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізіледі«, - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында »Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.