Қазақстандық медиация қарқын алып келе жатыр. Сондықтан Қазақстандағы медиацияның даму перспективалары және қолдану салалары туралы айту қажеттілігі байқалады. 22 желтоқсанда Алматыдағы қалалық Достық үйінде өткен «Қазақстан Республикасындағы медиацияны дамыту» конференциясының мақсаты да осы.
Іс-шараны «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық жобасы шеңберінде бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ІСКЕ асыруда. Конференция спикерлері - «Халықаралық келіссөздер академиясы қауымдастығы» ЗТБ сарапшылар тобы - Қалмұхамбетов Сабыржан Қайыржанұлы - «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығының төрағасы, сертификатталған жаттықтырушы-медиатор; Нурлыбеков Азамат Клышұлы – төрағаның кеңесшісі, Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының мүшесі, IPMA «Level А» жоғары басқару деңгейіне сертификатталған.
Шараға қатысушылардың қатарында Алматы қаласы ҚХА ЭМО және қоғамдық құрылымдарының белсенділері, «Қоғамдық Келісім» КММ басшылығы мен мамандары, өңір медиаторлары болды.
Қазіргі таңда республика бойынша медиация орталықтарының желісі кеңінен дамыған, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлерінде медиация кабинеттері ашылып, медиация кеңестері жұмыс істейді.
Конференция барысында дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі болып саналатын медиация туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бейтарап тараптың қатысуымен дауларды шешудің тәсілі азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар бойынша дауларда, сондай-ақ ауыр емес және орташа қылмыстық істерде қолданылады.
Сарапшылар тұрғындардың түрлі топтары арасында «Медиация туралы» Заңды түсіндіру, медиацияны қолданудағы негізгі проблемаларды анықтау және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қатысушылар белсенді түрде өз пікірлерімен бөлісіп, даулы мәселелердің сәтті шешілу жолдарын мысалдар келтіріп, жалпы медиацияның дамуына ықпал ету және қоғам мен жастарды ақпараттандыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Дереккөз: Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы