28.03.2023
Президенттің сөйлейтін сөзі республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 наурыз күні сағат 10:00-де VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.
«Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған. Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының сөзін 29 наурыз күні сағат 10:00-де AlmatyTV телеарнасынан көре аласыз.
Дереккөз: Almaty.tv.