ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы көмек көрсету үшін дәрі дәрімек қобдишасының құрамын жанартты

21.07.2023

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып,  медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып,  дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:

  • дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),
  • эластикалық бинттер,
  • таңғыш пакет,
  • медициналық бұласыр,
  • доғал қайшы,
  • металл,
  • өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,
  • таңуға арналған касынка-бандаж,
  • құтқару көрпесі,
  • бір реттік мұз пакеті,
  • ысқырық,
  • шам, 
  • дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,
  • блокнот,
  • қарындаш,
  • дымқыл майлықтар (антисептикалық),
  • қолғаптар,
  • шендеуіштер және зардап шеккен адамға  медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек  қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

 

 

 

Дереккөз: Қазақстан Республика Денсаулық сақтау министрлігі