17.02.2023

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Наурызбай ауданында тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

«Мысал ретінде алатын болсақ, 2022 жылдың басында Наурызбай ауданы қаладағы оқушы орындарының тапшылығы бойынша бірінші орында тұрды (7251 орын). Ал, биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш 3 есе, яғни 2494 орынға дейін қысқарды. Өткен жылы біз Қалқаман мен Шұғыла шағынаудандарында 5100 орындық 4 мектеп аштық. Сіздердің аудандарыңыздағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр«, - деді қала әкімі.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.