Қымбатшылықпен күрес: Алматыда азық-түлік бағасы қалай бақыланады

07.07.2022

Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты.

Алматыда азық-түлік қымбаттап жатыр. Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты.

«Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Жыл басынан бергі 6 айдың қорытындысы бойынша инфляция – 10,3%. Инфляцияның негізгі үлесі бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты, ол 16,4 пайызға жетті», – деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, қант бағасы 2 есе өсіп, қазір 560 теңгеден сатылып жатыр.

«Бұдан бөлек, пияздың бағасы 156 теңгеге дейін көтерілді. Нан 95 теңге, сүт 18%-ға өсті. Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі – 2,2 проценттік тармақ. Жұмыртқа бағасы 0,4%-ке төмендедіп, 460 теңге тұрады», – дейді Ерболат Досаев.

Қазір қалада сиыр еті 2 350 теңгеден саудаланып жатыр. Сары май 5,6 пайызға өсті, келісі – 3 400 теңге.

«Жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты инфляция әлі де жоғарылауы мүмкін», – дейді Ерболат Досаев.

Дереккөз: Almaty.tv.