30.06.2022
Келесі айда аптада бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады.
Қазақстандықтар 2022 жылдың шілде айында 2 мейрамды атап өтеді.
6 шілде – Астана күні
9 шілде – Құрбан айт
6 шілде Мемлекеттік мейрам сәрсенбі күніне келгеніне қарамастан уақыты өзгертілмей апта ішінде бір күн демалыс болады.
9 шілде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан айттың бірінші күніне келеді. Айт мейрамында қазақстандықтар Еңбек Кодексінің 84-бабында көрсетілгендей бір күн демалады.
Осылайша келесі айда, аптада бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады, ал алты күн жұмыс жасайтындар 7 күн демалады.
Дереккөз: Almaty.tv.