Қазақстанда туберкулезбен ауыру соңғы 10 жылда 2,3 есеге төмендеді

22.02.2022

Мәлік Әденов атап өткендей, Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Қазақстан туберкулез дертінің айтарлықтай төмендеу қарқынын көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Аденов мәлімдеді. Ол сондай-ақ туберкулезбен күрес айлығының басталуы туралы айтты.

Жалпы соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2,3 есеге төмендеді. Егер 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 81-ден астам жұқтырған жағдай анықталса, 2021 жылы – 35,9. Сонымен қатар профилактикалық тексерулердің арқасында 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы төмендеді, сондай-ақ туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туды.

Мәлік Әденов атап өткендей, Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

«Біздің елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін жүргізіледі. Қазақстан бюджет қаражаты есебінен халықаралық стандарттарға сәйкес туберкулезді ерте диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың ең заманауи әдістерін енгізген санаулы елдердің қатарына жатады. Туберкулезді ерте анықтау үшін ДДҰ ұсынған және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді бактериологиялық және молекулярлық-генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры.

Спикер бүгінде ауруды тез диагностикалауға арналған жабдықпен барлық аймақтық туберкулезге қарсы мекемелер мен аудандық деңгейдегі зертханалар (барлығы 128 xpertmtb/RIF аппараттары) қамтамасыз етілгенін хабарлады. Туберкулез жағдайларының 99,9%-ы диагностиканың жаңа жедел әдісінің арқасында анықталады.

«Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, 2021 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында ол 87,5%-ды, ал дәріге төзімді туберкулез – 82,5%-ды құрады, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келеді», – деп толықтырды М. Әденов.

Спикердің айтуынша, мұндай көрсеткіштерге туберкулездің таралуына жол бермеу жөніндегі негізгі шараларды күшейту арқасында қолжетті. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының алдын алу және емдеуден басқа, олар қоғамда науқастарды кемсітпеуге қамқорлық жасайды.

Мәселен, 24 ақпанда басталып, 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аяқталатын айлық шеңберінде фтизиатр, фтизиопедиатрлардың консультациялары, ел халқын флюорографиялық тексерулер, кең ауқымды акциялар жоспарланған.

Сөзінің соңында М. Әденов ел халқын аурудың алғашқы белгілері кезінде дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу кезінде туберкулезді толық емдеуге болады. Туберкулезбен ауырған адамдар басқаларға қауіп төндірмей, оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау балалар туа алады және толыққанды өмір сүре алады.

«Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, 2021 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында ол 87,5%-ды, ал дәріге төзімді туберкулез – 82,5%-ды құрады, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келеді», - деп толықтырды М. Әденов.

Спикердің айтуынша, мұндай көрсеткіштерге туберкулездің таралуын болдырмау бойынша негізгі шараларды күшейту арқасында қол жеткізілді. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының алдын алу және емдеуден басқа, олар қоғамда науқастарды кемсітпеуге қамқорлық жасайды.

Мәселен, 24 ақпанда басталып, 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аяқталатын айлық шеңберінде фтизиатр, фтизиопедиатрлардың консультациялары, ел халқын флюорографиялық тексерулер, кең ауқымды акциялар жоспарланған.

Сөзінің соңында М. Әденов ел халқын аурудың алғашқы белгілері кезінде дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу кезінде туберкулезді толық емдеуге болады. Туберкулезбен ауырған адамдар басқаларға қауіп төндірмей, оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау балалар туа алады және толыққанды өмір сүре алады

Дереккөз: Almaty.tv.