Қазақстанда КВИ-ден емдеу хаттамасына жаңа препараттар енгізіледі

12.01.2022

Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру жөніндегі тапсырмасына сай денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салалары, әлеуметтік инфрақұрылым, жойқын қирату салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдау жүзеге асырылады. Ол туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Оның сөзінше, қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүргізіледі. Бұдан бөлек, Қазақстанда коронавирустан емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізілетіні белгілі болды. Ал 60-тан асқандарға ревакцинация үшін Pfizer ұсынылады. 

«Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау деңгейін арттыру керек. Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдер емес 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Comirnaty вакцинасы ұсынылады.

Бұдан басқа, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша алдын алу іс-шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv