Қазақстан Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын жасөспірімдерге қолдануды мақұлдаған алғашқы мемлекет болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Sputnik M вакцинасын елде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФПИ) хабарлады.
Енді Қазақстан Sputnik M вакцинасын пайдалануды мақұлдаған алғашқы шетел мемлекеті болды, – делінген РФПИ хабарламасында.Қор мәліметі бойынша, Sputnik M вакцинасының басқа бірқатар шетелдік өндірушілердің жасөспірімдерге арналған вакциналарынан айырмашылығы – Н.Ф. Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология институты бекітуі.
Sputnik M – Sputnik V вакцинасына ұқсас екі компонентті препарат. Sputnik M мен Sputnik V арасындағы жалғыз айырмашылық – аденовирустық бөлшектердің концентрациясы бес есе аз болуында. Соның арқасында вакцинаны жасөспірімдердің иммунитеті ересектердікіне қарағанда жеңілірек қабылдайды.
Айта кетейік, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik M-ді 2021 жылдың 24 қарашасында жоғары қауіпсіздік пен иммуногендік профилін растайтын клиникалық зерттеулер негізінде тіркеді.
Дереккөз: Zakon.kz