Қазақстан азаматтарын тасымалдау үшін арнайы рейс Польшадан ұшып шығады

25.02.2022

Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігі ондағы қазақстандық азаматтарды шұғыл елге қайтару үшін арнайы рейс ұшырылатынын мәлімдеді.

Украинадағы ҚР елшілігі анықтамасы бойынша: «2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етілед».

Азаматтардан мүмкіндігінше 25 ақпанда Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz