Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы инфрақұрылымы толық қалпына келтірілді - Досаев

12.12.2022

Сондай-ақ қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасы кезінде қираған Алматы инфрақұрылымы толығымен қалпына келтірілгенін айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің 2022 жылы қаңтардың аяғында берген негізгі тапсырмаңызға сәйкес, бүгінде қаңтар оқиғасы кезінде қираған инфрақұрылым толығымен қалпына келтірілді. Қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына түсті. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай артты«, - деді Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 

Әкім зардап шеккен 1640 кәсіпорынға 16,2 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленсе, оның 95 пайызы 1 маусымға дейін төлем алғанын айтты.

Барлық жеке тұлғаларға613,5 млн.теңге сомасында мүліктік залал төленді.

«Қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, оның аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 2-тоқсаны. Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды, оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған«, - деді әкім.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.