6 желтоқсанда Алматы қаласын дамыту орталығында Орталық Азияның Еуразия Қоры ITeachMe Қорымен серіктестікте Еуропалық Одақпен қаржыландыралытын «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасы аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге цифрлық азаматтық технологияларының қолдануына қатысты интерактивті воркшоп өтті.
Іс-шараға Еуропалық Одақ, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық жобалар, жергілікті әкімдік, қаланың цифрландыру басқармасының өкілдері, жергілікті студенттер мен әйелдер қатысты.
Қатысушылар азаматтық технологиялар туралы ақпаратпен танысып, мемлекеттік және азаматтық сивик-тех платформалар мен жобалармен танысты.
Сондай-ақ, олар Алматы қаласының өзекті мәселелерін талқылап, олардың цифрлық технологиялар арқылы шешімін табуға тырысты. Экология, көлік, абаттандыру және инклюзия тақырыптары топтық жұмыстарда терең зерттеліп, презентациялар арқылы қорғалды.
Дереккөз: @voicematters.kz