19.01.2024
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2000 пәтерді ағымдағы жылдың көктемінде беру жоспарлануда.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағына жауап бергенде айтты. »Біз халықтың осал топтарына санатына (ХСТС) пәтер сатып алдық, мен өзім барып көрдім, таныстым. Пәтерлерді қабылдау рәсімінен кейін біз мамыр айының соңына дейін кезекте тұрғандарға кілттерді беруге тырысамыз. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы бекітілген тізімдерді тағы бер қарап шығады. Жақын арада қала кезекте тұрғандар көптен күткен қоныс тойын атап өтеді деп үміттенемін«, - деп түсіндірді Ерболат Досаев.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі