13.03.2023

Қазіргі уақытта, Алматы ӘКК-нің 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасының тұжырымдамасы аясында корпорация бизнесті қолдайды.

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін (»РДЭ«) шетелдік және ұлттық валютада «BBB -» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Негізгі өңірлік даму институты болып табылатын Алматы ӘКК-нің маңызды қоғамдық миссиясын, назарға ала отырып, Fitch агенттігінің талдаушылары Алматы ӘКК-ға «BBB-» деңгейінде рейтинг берді.

Рейтингтік агенттіктің ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Алматы ӘКК әлеуметтік жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және ынталандыру, ескі тұрғын үйлерді жаңарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін орнықты бизнес-құрылым болып табылады.

Компанияның қызметін талдай отырып, Алматы қаласының әкімдігі корпорацияның жалғыз акционері болып табылатындықтан Fitch Алматы ӘКК мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілеу әдіснамасы негізінде бағалайды.

Қазіргі уақытта, Алматы ӘКК-нің 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасының тұжырымдамасы аясында корпорация бизнесті қолдайтын, қаланың басым әлеуметтік-маңызды және инвестициялық жобаларын іске асыратын қаланы дамытудың негізгі институты болып табылады.

«BBB-» рейтингі – бұл қанағаттанарлық кредиттік қабілеттерді, қазіргі уақытта кредиттік тәуекелдер бойынша төмен күтулерді, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеудің оң қабілетін білдіретін инвестициялық санат.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.